Ссылки доступа

Пхеньян АҚШ базаларын тамыздың ортасында атқылауға уәде берді


Солтүстік Корея тамыздың ортасына таман Тынық мұхиттағы Гуам аралында орналасқан америкалық әскери базаға ескерту соққысын жасау жоспарын аяқтайды. Бұл туралы КХДР әскерінің қолбасшылығы мәлімдеді.

Пхеньян таратқан мәліметтерге қарағанда, Солтүстік Корея орташа қашықтыққа арналған “Хвасон-12” зымыранын дайындап жатыр. Жоспар бойынша, ол Жапонияның үстінен ұшып өтіп, Гуамға бірнеше шақырым қалғанда суға құлауы тиіс. КХДР басшылығы өздерінің зымыран жасау бағдарламасы аймақтағы америкалық күштерді тежеуді көздейді дейді.

Бұның алдында АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Солтсүтік Кореяны "өз-өзін жойғысы келмесе", ядролық қару жасаудан бас тартуға шақырды. АҚШ президенті Дональд Трамп болса КХДР қоқан-лоқыларына "бұрын-соңды болмаған отты қаһармен жауап беруге" уәде етті. Пхеньян бұл мәлімдемелерге жауап беріп, елде ядролық бойтұмсық әзір екенін жариялады.

Өткен сенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі КХДР-ға қарсы санкцияларды күшейту туралы қарарын бірауыздан мақұлдады. Солтүстік Корея бұл құжатты қабылдамай тастап, ол елдің егемендігін бұзады деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG