Ссылки доступа

Ашхабад қара тентпен қапталған автокөліктерге шектеу қойды


Мемлекеттік жол инспекциясының қызметкерлері қара тентпен қапталған автокөліктерді тоқтатып, оларға тыйым салынған жаңа тәртіп шыққанын ескертті.

Түркіменстанның көлік министрлігінен рұқсатыңыз болса, қара тентті қолдана аласыз. Рұқсат болмаса, оны қолдануға тыйым салынады“, - деді Азаттық радиосына Ашхабад тұрғыны Меретдурды. Оның айтуынша, айыппұл салынған соң, министрлікке шағымданған, бірақ жекеменшік автокөлігін қолдануға рұқсат ала алмаған.

Министрліктегілер мұндай рұқсат әзірге беріліп жатпағанын айтқан. Ашхабад тұрғыны рұқсатты таныстары арқылы алуға тырысқан, ондағылар мұндай қызметтің 1500 манат (400 доллар) тұрады деген.

Мұндай қаражаты жоқ жүргізуші рұқсатсыз жұмыс істеуге шығып, тағы да айыппұл алған. "Мұндай заң бұзушылық үшін бірінші рет 100 манат, екінші мәрте - 200 манат айыппұл салынады. Үшінші рет ұсталсаң, көлік жүргізу куәлігінен айрыласың", - деді Меретдурды.

XS
SM
MD
LG