Ссылки доступа

Иран Тәжікстандағы шулы кісі өлімдеріне қатысы жоқтығын ресми түрде мәлімдеді


Иранның Тәжікстандағы елшілігі тәжік ІІМ-нің тапсырысымен түсірілген деректі фильмде Тегеранға тағылған айыптарды ресми түрде жоққа шығарды.

"Иранға тағылған барлық айыптар, "Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезіндегі шулы кісі өлтіру қылмыстарын қаржыландырды және ұйымдастырды" деген айыптар өте күмәнді", - делінген Иранның дипломатиялық қызметінің ресми мәлімдемесінде. Мәлімдеме оның елшілік сайтында 9 тамызда жарияланды.

"Фильмде қайтыс болған адамдар атынан сөйлеген, оны шындық ретінде қабылдауға болмайды", - делінген елшілік мәлімдемесінде.

Елшіліктің пікірінше, бұл фильм екі елдің мүдделеріне сай келмейді, оның авторлары Тәжікстан мен Иран арасындағы достық қарым-қатынасқа сызат түсіре алмайды. "Фильм авторлары көздеген мақсаттарына жете алмайтынына күмән жоқ", - деген елшіліктегілер.

8 тамызда тәжік мемлекеттік телеарналарының барлығынан 45 минуттық деректі фильм көрсетілді. Оның авторлары Иранды азаматтық соғыс кезінде елдегі терроршыларды қаржыландырды, саясаткерлер мен журналистерді өлтірді деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG