Ссылки доступа

Ташкентте "Ахмадбай" қаржы пирамидасының ондаған салымшысы ақша талап етті


Ташкент облыстық сотында 9 тамызда кәсіпкер Ахмад Тұрсынбаевтың қылмыстық ісіне қатысты екінші отырыс өтті. Сот куәгерлерден жауап алды.

Халық арасында "Ахмадбай" деген атпен танымал кәсіпкердің қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің барлығы сот залына кіре алмады.

"Адамдар ақшаларын, автокөліктерін қайтаруды талап етіп, сотқа келді. Сот отырысына тізіммен ғана кіргізді. Сот ашық болады деген еді, бірақ 50-ден астам адам көшеде тұр. Залда бос орын жоқ", - деді салымшылардың бірі.

Ташкент облыстық соты қызметкерінің айтуынша, сот залына Ахмад Тұрсынбаев пен оның сыбайластары делінген тағы алты сотталушыны әкелген. "Сотқа шақырылмағандар да келген. Сот отырысында адамдарға тұрып тұруға болмайды", - деді ол.

Ахмад Тұрсынбаевқа қаржы пирамидасын құрды деген айып тағылған. Құқыққорғау органының мәліметі бойынша, олар екі есе қайтарып береміз деген уәдемен халықтан ақша жинаған. Тұрсынбаев өткен жылы маусымда ұсталды.

XS
SM
MD
LG