Ссылки доступа

Түркіменстан: Азиада қарсаңында автобус жүргізушілеріне арнайы киім кигізеді


Ашхабадтағы жолаушы көліктерінің жүргізушілерінен арнайы формамен жұмысқа шығуды талап етті, бірақ жаңа киімдері әлі тігілмеген.

Автобус жүргізушілері бірнеше жыл бойы киген ақ көйлек, қара шалбарларын тастап, Азиадаға арнайы тігілген форманы киюі тиіс.

Жаңа форма жасыл түсті шалбар, жасыл пиджак және жасыл галстуктен тұрады. Сонымен бірге жүргізушілер тақия киюлері керек. Бұл туралы Азаттыққа Ашхабад жолаушы автобусының жүргізушісі Мырат хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, әзірге компания қызметкерлердің үлгілерін ғана алған. Арнайы форманың бағасы да белгісіз.

Ашхабадтағы Азиада қарсаңында қалада жайлы 200 автобус жолға шыққан, оларға тағы 440 автобус қосылады.

Сонымен бірге Ашхабадта ақ түсті жаңа такси жұмыс істей бастады. Олардың жүргізушілері де жасыл түсті арнайы форма мен түркіменнің ұлттық тақиясын киіп жүр.

XS
SM
MD
LG