Ссылки доступа

Алматы түбінде апатқа ұшыраған оқу ұшағының құлау себебі айтылды


Алдын ала болжам бойынша, Алматы түбінде құлаған оқу ұшағының апатқа ұшырауына оның әуеде "аударылуы" себеп болуы мүмкін.

Инвестициялар және даму министрлігі Көлік апаттарын зерттеу департаментінің директоры Жәнібек Тайжановтың айтуынша, ұшақ құлағанда түгелімен жанып кеткен. "Ұшақтағы екі адам да қаза тапты" - деді ол 10 тамыздағы брифингте.

Бір моторлы, екі адамға шақталған Tecnam 2002 ұшағы оқу-жаттығу тапсырмасын орындау үшін әуеге көтерілген. Ол 10 тамызда таңертең Азем аэродромынан екі шақырым жерге құлады. Курсант пен ұшқыш-инструктор қаза тапты.

Тергеу аяқталғанша марқұмдардың есімдері аталмайды, деді Тайжанов. Оқиға орнында түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ тұрғын үйлерден ондаған метр жерге құлаған.

XS
SM
MD
LG