Ссылки доступа

Өзбекстан Ауғанстанда жаңа темір жол салады


Өзбекстан Ауғанстан аумағындағы жаңа темір жолдың құрлысына қатысады. Бұл туралы «Узбекистон темир йуллари» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Даврон Дехканов хабарлады.

Оның айтуынша, өзбек теміржолшылары үшін Ауғанстан бұрыннан таныс ел. Олар мұнда 2010 жылы "Хайратон – Мазари-Шариф" темір жолын салған.

"Бұл жоба Өзбекстан үшін өте маңызды, өйткені сол арқылы теңізге шығуға болады. Біз Ауғанстан өкілдерімен келіссөздер жүргіздік. Ауғанстан құрылысты қазір бастауға әзір", - деді Дехканов.

Өзбек теміржолшыларының таулы аймақтарда темір жол салу тәжірибесі мол. Олар салған "Хайратон – Мазари-Шариф" темір жолы жақсы жұмыс істеп тұр, деді ол.

Сонымен бірге екі ел көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы екі жақты тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG