Ссылки доступа

Тәжікстан Ресей азаматын көне монета әкетпек болғаны үшін соттап жатыр


10 тамызда Душанбе қаласы Шохмансұр аудандық сотында патшалық Ресей заманына жататын монета контрабандасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасты. Ресей азаматы Татьяна Хужинаның соты жабық өтіп жатыр.

Хужинаға контрабанда жасады деген айып тағылған.

Тәжікстанның кеден қызметі шілде айының соңында 1823 жылғы мыс монетаны елден шығаруға талпынған жерінен тоқтатқан. Ол Душанбе-Мәскеу бағыты бойынша ұшаққа отыру кезінде қолға түскен. Ол ешқандай декларация толтырмастан, көне монетаны шетелге алып шыққысы келген. Тәркіленген монета тарихи, мәдени және нумизматикалық құндылыққа ие.

Бірақ Ресейдің Тәжікстандағы елшілігі басқаша ойлайды: "Хужина тауып алған көне монетаның нумизматикалық құны жоқ, мыс монетаның жағдайы нашар".

XS
SM
MD
LG