Ссылки доступа

Қытай АҚШ-ты теңіз шекарасын бұзды деп айыптады


Американский эсминец

Қытайдың сыртқы істер министрлігі америкалық эсминецтің Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Бейжің бақылауындағы аймаққа енгеніне қатты ренжігенін мәлімдеді.

Америкалықтардың Reuters агенттігіне хабарлауынша, АҚШ әскери-теңіз күштерінің эсминеці Спратли архипелагына жақын маңдағы қолдан жасалған Мисчиф рифін жағалай жүзген. Бұл ауданға Қытай мен оның бірнеше көршісі таласып отыр.

2016 жылы маусымда Бейжің Гаагадағы аралық соттың шешімін қабылдаудан бас тартты. Халықаралық сот Оңтүстік-Қытай теңізіне Қытайдың тарихи таласы жоқ деп шешкен еді. Бейжіңнің бұл аймаққа таласын Вьетнам, Филиппины, Малайзия, Индонезия да мойындамайды.

АҚШ болса теңізде еркін жүзуді қамтамасыз етуін қалап отыр.

XS
SM
MD
LG