Ссылки доступа

Дональд Трамп: "Солтүстік Корея үлкен келеңсіздікке тап болады"


АҚШ президенті Дональд Трамптың бейсенбі, 10 тамызда журналистерге мәлімдеуінше, ол Солтүстік Корея мәселесінде үнемі келіссөздерді жақтаған. Бірақ Пхеньян Құрама Штаттарға зиянын тигізуді ойласа, ол үлкен келеңсіздікке тап болар еді, деді ол.

Трамп Солтүстік Кореяны осы бағытынан танбайтын болса, "бұрын-соңды болмаған үлкен келеңсіздікке ұшырайтынын" ескертті.

8 тамызда Washington Post басылымының КХДР өзінің зымырандарын ядролық оқтұмсықпен оқтай алатынын жазған уақытта, америкалық президент Вашингтонның Пхеньян әрекетіне "отты қаһармен" жауап беретінін мәлімдеген. Газет мұндай болжамын АҚШ барлау қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып жасаған.

Трамптың бұл мәлімдемесіне жауап берген Пхеньян Құрама Штаттардың Тынық мұхитындағы Гуам аралында орналасқан әскери базаларын соққылау жоспары барын жариялады. Солтүстік Корея осылайша Вашингтонға "ескерту жасамақ" екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG