Ссылки доступа

Трамп дипломаттар санын қысқартып берген Путинге алғыс айтты


АҚШ президенті Дональд Трамп 10 тамызда Ресей президенті Владимир Путинге америкалық дипломатиялық миссия штатын қысқартып бергеніне алғысын білдірді. Трамптың сөзіне қарағанда, Путиннің бұл шешімінен соң мемлекет шығыны едәуір азайған.

Нью-Джерсидегі резиденциясында журналистермен кездескен Трамп осылайша Кремльдің өткен айдың соңындағы қарымта әрекетіне алғаш рет пікір білдірді. Америкалық дипломаттарды қуу бұрынғы екі бәсекелестің қырғи-қабақ соғыс заманынан бергі уақыттағы ең ірі теке-тіресі саналады.

Бұл уақытта Ресей мен Трамптың сайлау штабы арасында құпия келісім болған-болмағанын зерттеу жүріп жатыр. Оның бұрынғы штаб бастығын Федералдық барлау бюросы тексеріп барғаны туралы естіген АҚШ президенті таңырқаған сыңай танытты.

Президентпен сөйлескен журналистердің өздері Трамптың дипмиссияны Путиннің 755 адамға қысқартып бергені туралы әзілдеген-әзілдемегенін түсінбей қалған.

"Мен оған алғыс білдіргім келеді, өйткені біз қазір жұмысшылардың шығынын азайтуға тырысып жатырмыз. Біз көп ақша үнемдейміз", - деген Трамп.

XS
SM
MD
LG