Ссылки доступа

Өмірбек Текебаев жақтастары аштық акциясын тоқтатты


Қырғызстанның оппозициялық "Ата Мекен" партиясы жетекшісі Өмірбек Текебаевтың жақтастары аштық акциясын тоқтатты. Бұл туралы наразылық шарасына қатысушылардың бірі Айбек Сұлтанқұлов хабарлады.

"Аштықты доғардық. Ол нәтиже бермеді. ОСК Текебаевты мемлекеттік тіл емтиханына өткізбей қойды. Енді біз басқа әрекетке көшеміз", - деді ол.

31 шілдеде басталған аштық акциясына бес адам қатысты. Аштық "Ата Мекен" партиясының Бішкектегі кеңсесінде өтті. Кейін, 3 тамызда оларға Текебаевтың Базар-Коргон ауданындағы бес жақтасы қосылды.

Аштық аяқталар қарсаңында, 10 тамызда Орталық сайлау комиссиясы "Ата Мекен" партиясының жетекшісіне мемлекеттік тіл емтиханын тапсыруға жағдай жасаудан бас тартты. Тіл сынағын президенттіктен үміткерлердің барлығы тапсыруы тиіс. Өмірбек Текебаев мемлекет басшысы қызметіне 18 маусымда өзін-өзі ұсынған.

Бұл уақытта, Бішкектегі Первомай аудандық сотында Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дүйшенкул Чотоновтың ісіне қатысты сот жүріп жатыр. Оларды жемқорлық қылмысы үшін айыптап отыр. Прокурор Текебаевқа 10 жыл, Чотоновқа 8 жыл беруін сұраған.

XS
SM
MD
LG