Ссылки доступа

Тәжікстанда журналистерге құқықтық көмек тегін көрсетіледі


Тәжікстанда жергілікті БАҚ өкілдерін құқық жағынан қорғау жобасы жүзеге аса бастады. Оны "Адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз орталық" қоғамдық ұйымы жүзеге асырады. Жобаны "Ашық қоғам" институты - Тәжікстандағы Жәрдемдесу қоры қаржыландырады.

"Адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз орталық" ҚҰ басшысы Шоира Давлатованың хабарлауынша, кәсіби қызметі барысында өз құқықтарын қорғай алмаған журналистерге көмектесу үшін арнайы құқықтық қабылдау ұйымдастырылады.

"Журналист кәсіби жұмысын орындау кезінде келеңсіз жағдайға тап болса - ұсталса немесе үстінен қылмыстық іс қозғалса, онда оған адвокат қызмет көрсетеді. Оның ісі баспасөзде жарияланады", делінген "Ашық қоғам" Институты - Тәжікстандағы Жәрдемдесу қорының хабарламасында.

Давлатованың сөзіне қарағанда, БАҚ басшылары редакция құжаттарына құқықтық аудит жүргізуге көмек сұрай алады. Сонымен бірге журналист материалдарын жариялар алдын құқықтық сауаттылыққа тексерте алады.

Жергілікті журналистік ұйымдар БАҚ өкілдерінің құқығы қорғалмай отырғанын әрдайым айтып жүр. Ұлттық тәуелсіз БАҚ қауымдастығының мәліметі бойынша, өткен жылы «Нигох», «Вароруд», «Дам» басылымдары және «Точньюс» агенттігі жұмысын тоқтатты. Ондаған журналист елден кетуге мәжбүр болды.

XS
SM
MD
LG