Ссылки доступа

Иранда "батыс биін" насихаттаған жастар ұсталды


Иран билігі бір топ жасөспірімді Латын Америкасының зумба биі мен басқа да "батыс билерін" насихаттады деген күдікпен ұстады.

Парсы баспасөзінің 10 тамызда хабарлауынша, Ислам төңкерісін қорғау корпусы (ИТҚК) елдің солтүстік-шығысындағы Семнан провинциясының Шархуд қаласында төрт жасөспірім мен екі қызды тұтқындаған.

Корпустың жергілікті бөлімшесінің басшысы Хамид Дамгани ұсталған алты адам "батыс билерін үйретіп қана қоймай, оны видеоға түсіреді" деді. Күдіктілер әлеуметтік желілерде зумба биі туралы видеоролик жариялаған, мұсылман ормамалын көпшілікке көз қылып шешкен қыздарды насихаттаған делінеді.

Консервативті Иранда осы тәріздес тексерулер мен тұтқындаулар жиі болып тұрады. Мәселен, 9 тамызда мемлекеттік баспасөз Исфахан қаласының маңындағы бассейінде жартылай жалаңаш сауық құрған 64 жасөспірім қыз-баланың ұсталғанын хабарлады. Билік оларды "би билеп, ішімдік қолданды" деп айыптады.

XS
SM
MD
LG