Ссылки доступа

Өзбекстан билігі жабылған "Алп Жамол Банк" клиенттерінің ақшаларын иемденген


Жеті жыл бұрын жабылған "Алп Жамол Банк" клиенттері әлі күнге дейін банк есебіндегі ақшалары ала алмай жүр. Ташкенттегі жекеменшік фирмалардың бірінің қожайыны банк есебінде ондаған кәсіпкердің миллиардтаған сумы қалып қойды.

"Алп Жамол Банк" жабылған соң, банктің жылмайтын және жылжымалы мүліктері, қаражаты, сонымен бірге біздің есептердегі ақшалар мемлекетке көшті. Жеті жыл өтсе де, сол ақшаларды қайтара алмай жүрміз. Біз президентке де арыздандық, бірақ одан нәтиже шықпады", - деді кәсіпкер.

2010 жылы Өзбекстанның Орталық банкі коммерциялық "Алп Жамол Банк" лицензиясын банк заңдарын бұзды деген желеумен алып қойған. Одан соң банк басшысы Мухиддин Асомиддинов Өзбекстаннан кетуге мәжбүр болды.

Өзбекстан ОБ мәліметі бойынша, "Алп Жамол Банк" қызметі тоқтаған уақытта оның 118 миллиард сум немесе шамамен 67 миллион АҚШ доллары активі, 115 мың клиенті болған.

XS
SM
MD
LG