Ссылки доступа

Ақ үй: Трамп зорлық-зомбылық, фанатизм және өшпенділіктің барлық түрін айыптайды (видео)


АҚШ президенті Дональд Трамп Шарлотсвилдегі қақтығысқа қатысқан экстремистерді айыптады. Бұл жөнінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы таратқан мәлімдемесінде айтылған.

"Президент өзінің мәлімдемесінде зорлық-зомбылықтың, фанатизм мен өшпенділіктің барлық түрін айыптайтынын анық айтты. Әрине бұған ақ нәсілділерді артық санайтындар, ку-клус-клан, неонацистер мен барлық экстремистік топтар кіреді. Ол барлық америкалықтарды бірігуге шақырды," – деп атап өтілген мәлімдемесінде.

Президент Трамп сенбіде болған тәртіпсіздіктен кейін қақтығысқа қатысушыларды жария түрде айыптаған.

Тамыздың 12-і күні Шарлотсвилл қаласында шеру өткізуді жоспарлаған ақ нәсілділер үстемдігін жақтаушы әсіре оңшылдар мен қарсыластары арасында қақтығыстар болған. Шеруге қарсылар тобына бір автокөлік баса-көктеп кіріп кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, бір кісі өліп, жиырма шақты адам жарақат алған. Полиция әлгі көліктің жүргізуші 20 жастағы жігітті ұстаған. Ол Огайо штатының тұрғыны Джеймс Алекс Филдс болып шықты.

XS
SM
MD
LG