Ссылки доступа

Англия футболдан Премьер-лига тарихындағы ең үздік голды таңдады (видео)


Деннис Бергкамп (ортада)
Деннис Бергкамп (ортада)

Англияда футболдан Премьер-лига тарихындағы ең үздік голға дауыс берудің қорытындысын шығарды. Ең үздік деп Деннис Бергкамптың 2002 жылы "Ньюкаслға" қарсы ойында соққан голы танылды.

Бұл ойында нидерланд футболшысы қақпа алдында артын беріп тұрып, допты қорғаушыдан алып кетіп, қақпаға дәлдеп соғады. BBC Sport жариялаған дауысқа салудың қорытындысы бойынша, бұл гол 31 пайыз дауыс жинаған.

Екінші орынды "Лидс Юнайтед" ойыншысы Тони Йебоның 1995 жылы "Уимблдонға" қарсы ойнындағы соққан голы алды.

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Уэйн Рунидің 2011 жылы "Манчестер Ситимен" ойында соққан голы үшінші орынды алды.

Төртінші орынды Джек Уилширдің голы, бесінші орынды Тьерри Анридің соққан голы алды.

Англияның футболдан Премьер-лигасы (АПЛ) 1992 жылы құрылған.

XS
SM
MD
LG