Ссылки доступа

Тәжікстанда Айни әуе базасы жанындағы үйлерді сүріп жатыр (видео)


"Сказали: у вас 24 часа": в Таджикистане сносят дома рядом с аэродромом Айни
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00

Тәжік билігі Айни әуе базасын кеңейтіп, оның айналасындағы 400 тұрғын үйді сүріп жатыр. Ал онда тұрған адамдардың баратын жері жоқ. Билік оларға бес соттықтан жер бөліп, үй тұрғызуға ақша бөлеміз деп уәде еткенімен, әлі күнге дейін орындамаған.

Гиссар ауданында орналасқан Айни аэродромы Душанбеден алыс емес. Бұл жерде Ресей әскері орналасқан.

Таяуда Тәжікстан билігі әуе база аумағын 250 гектарға дейін кеңейту жөнінде шешім шығарған. Ол үшін айналасындағы 400 тұрғын үйді сүреді. Жиырма шақты үйді бұзып үлгерген. 48-і кезекте тұр.

"Бізге айтты, сіздердің көшуге 24 сағат уақыттарыңыз бар деп. Тракторды әкелді. Олар заттарыңызды алмасаңыздар, бізге бәрібір, бұзып тастаймыз деді", -дейді ауыл тұрғыны Жұмагүл.

Сүрілген үйлерді билік жарты миллион долларға бағалаған. Сонда әрбір отбасыға 200-300 мың сомониден (22-34 мың АҚШ доллары) бөлінеді.

"Сказали: у вас 24 часа": в Таджикистане сносят дома рядом с аэродромом Айни
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00

XS
SM
MD
LG