Ссылки доступа

Қызыл Крест: Украина шығысындағы жанжалдан 10 мың адам қаза тапқан


2014 жылдан бері Украина шығысында болып жатқан қарулы қақтығыстан үш мыңнан астам адам қаза тапқан. Миллионнан астам отбасы үйін тастап босып кеткен. Жанжал аймағында әлі 500 бала тұрып жатыр деп хабарлайды халықаралық Қызыл крест ұйымы.

БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау жөніндегі миссияның Украинадағы өкілі үш жыл ішінде соғыс кезінде 10 мыңға жуық адамның қайтыс болғанын айтады. 24 мың адам жараланған.

Осыған дейін Украинаның қорғаныс министрлігі Донбас аймағында 2 мың 700 украин әскері қаза тапқанын, 10 мыңнан астамының жарақат алғанын жариялаған. Қорғаныс министрлігі елге 50 миллиард доллар шығын келгенін айтқан.

Украина мен Батыс елдері Мәскеуді сепаратистерге қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды. Кремль болса айыптауларды жоққа шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG