Ссылки доступа

Атамбаев Жээнбеков үкіметін 2011 жылдан бергі ең жақсы үкімет деп атады


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сооронбай Жээнбековтің отставкаға жіберу туралы өтінішін қабылдады. Ол "Сіз басқарған үкімет мен президент болған мерзімдегі ең жақсы үкімет болды” деп алғысын білдірді.

Қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жээнбеков Қырғызстанның Социал демократиялық партиясы (ҚСДП) атынан президенттік сайлауға түсетіндіктен, қызметінен кетті.

Жээнбеков үкімет отырысында сайлауға қатысатын барлық үміткерлер заң алдында тең болуы керек деген. Ол сонымен бірге өзіне қарсы түрлі арандатушылық болуы мүмкін деген күмәнмен отставкаға кеткенін де айтқан.

16 шілдеде ҚСДП құрылтайында Жээнбековті президенттік сайлауға үміткер ретінде таңдады. Орталық сайлау комиссиясы 21 тамызда ресми кандидат куәлігін берді. Ол мемлекеттік тіл емтиханынан 94,6 ұпай алған.

Жээнбеков премьер-министрлікке биыл 13 сәуірде келген.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG