Ассошиэйтед Пресс (AP) ақпарат агенттігінің хабарлауынша, биліктің ауызша бұйрығы бойынша алкогольді өнімдерді сатуға қазан айына дейін тыйым салған.
Франс-пресс (AFP) ақпарат агенттігі сауда министрлігінің қызметкеріне сілтеме жасап, спирттік ішімдіктерге 17-27 қыркүйек аралығында өтетін Азия ойындарына байланысты тыйым салып отырғанын хабарлайды.
Сауда министрлігінің қызметкері бұл қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жасалынып отыр деген.
15 тамызда Түркіменстан үкіметі әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін мәлімдеген. Азия ойындары аяқталғанша, виза беру шектелген.