Ссылки доступа

Қыздың пәктігі туралы дауласқан жігіт 7 жылға қамалды


Өзбекстанның Чорбош ауылының тұрғыны Зафар Пиров кісіні өлімге итермеледі деген айыппен жеті жылға сотталды.

Сот отырысы жабық өткен. Оған екі жақтан да адамдарды қатыстыру барынша шектелген.

Зафар Пировтың туыстары сот үкіміне қатысты пікір білдіруден бас тартты. Сотталушының адвокаты да ол туралы пікір бергісі келмеді.

Бұған дейін Зафар Пиров өзін кінәлі деп санамайтынын, әділ сот үкімін күтетінін мәлімдеген. Ол әйелінің өз-өзіне қол салуы қиынға түскенін мойындады. "Мен оны өлімге қимаймын. Бірақ оның ата-аналары үйлену тойыма жұмсалған 13 мың сомониді қайтарып беруін қаладым", - деді Зафаров.

Зафар Пиров және оның 18 жастағы қалыңдығы Раджабби Хуршед үйлену тойы күні танысқан. Неке түнінде келіннің пәктігі туралы дау шыққан. Ол әйелін сараптамадан өткізу үшін астанаға екі мәрте алып барған. Екі сараптама да Раджабидің пәк екенін көрсеткенімен, күйеуі әйелін кінәлауын доғармаған.

Спор о девственности, доведший до могилы. Зафар Пиров арестован
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:26 0:00

XS
SM
MD
LG