Үшінші орын үшін өткен сайыста Тәжікстан көкпаршылары Қытай командасын жеңді.
Көкпардан әлем чемпионы атанған Қазақстан командасына 10 миллион теңге, Қырғызстан көкпаршыларына – 5 миллион теңге, Тәжікстан ойыншыларына – 3 миллион теңге ақшалай жүлде беріледі.
Көшпенді халықтар арасында кең тараған ұлттық ойын түрінен тамыздың 21-і мен 27-і аралығында Астанада өткен алғашқы әлем чемпионатына Ауғанстан, АҚШ, Венгрия, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркия мен Тәжікстаннан барлығы 200-ден астам спортшы қатысты. Жарысқа шақырылған Әзербайжан командасы белгісіз себептермен келмей қалды.