Ссылки доступа

Шерали Жураев 23 жылғы тыйымнан соң алғаш рет халықаралық фестивалге қатысты


Өзбекстанның халық әртісі Шерали Жураев 28 тамызда "Шарк Тароналари" халықаралық фестивалінің ашылу салтанатында ән айтты.

Фестивальді ұйымдастырушылардың бірінің айтуынша, Жураевқа бұл шараға қатысуға 1997 жылы тыйым салынған. Бұл тыйым 20 жылдан астам уақыт бойы сақталып келді.

1993 жылы телевизия мен радиоға шығуына тыйым салынған Жураев Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің өлімінен соң үлкен сахнаға қайта оралды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев XI Халықаралық музыка фестивалінің ашылу салтанатына қатысты. Оған әлемнің 58 елінен әншілер мен сазгерлер қатысты.

XS
SM
MD
LG