Ссылки доступа

Өзбекстан Орталық банкі шұғыл түрде сумды девальвациялады


Центральный банк Узбекистана
Центральный банк Узбекистана

Өзбекстанның Орталық банкі 5 қыркүйекте ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамын 8100 сумға теңестірді. Бұл өткен аптадағы бағамнан 3889,65 сумға көп (4210,35 сум).

Өзбекстанның Орталық банкі сумның басқа да шетел валюталарына қатысты бағамын девальвациялады.

Евро бағамы 9645,48 сум болса, рубль 68,731 сумға дейін көтерілген.

"Орталық банк бағамы әрбір дүйсенбі сайын белгіленеді", - делінген ОБ хабарламасында.

Сумның бірден девальвациялануы 2 қыркүйекте Өзбекстан президенті "Валюта саясатын либерализациялау жөніндегі алғашқы шаралар" қаулысынан қабылдаған соң жүргізілді. Өзбекстанда ұлттық валютаны девальвациялау көптеген жылдан бері алғаш рет жасалып отыр.

XS
SM
MD
LG