Ссылки доступа

Тәжікстан: Сирияға кеткісі келген жігітті бауыры ұстап берген (видео)


Батирхон Кавраков
Батирхон Кавраков

"Сирияға соғысқа кеткенше, түрмеде отырсын", - деді Мехтер қышлағының тұрғыны Шомурод Кавраков Хатлон облыстық сотының үкімі шыққан соң. Оның бауыры Батирхон Кавраковты 12,5 жылға сотталды.

Батирхон Кавраковтың "Экстремистік ұйым қызметін ұйымдастыру", "Қылмысты жасыру немесе бүркемелеу" және "Жалдану" қылмыстары толық дәлелденді деп хабарлады судья.

Кавраков биыл қаңтарда ұсталған. Оны жергілікті билікке ағасы ұстап берген. Шохмурод Кавраков прокуратура тергеушілеріне Батирхонның Ресейде "Ислам мемлекеті" тобының идеясын насихаттаумен ғана емес, қандастарын Сирия мен Иракқа соғысқа үгіттеумен де айналысады деген.

Батирхон Сирияға кетерден бұрын туыстарын бір көруге келгенде ұсталғанын растады.

Хатлон облыстық соты судьясының сөзіне қарағанда, Батирхон Кавраков ИМ қатарына үгіттеуді екі жыл бұрын Мәскеуде құрылыста жұмыс істеп жүргенде бастаған.

«Пусть лучше сидит в тюрьме, чем уедет на войну в Сирию!»
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:12 0:00

XS
SM
MD
LG