Ссылки доступа

Ташкент орталығында оқ атылды (видео)


В центре Ташкента прозвучали выстрелы
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:18 0:00

Ташкентте милиция қызметкерлері ұрланған "Спарк" маркалы ақ автокөлікті тоқтату үшін қару қолданды. Бұл оқиға 5 қыркүйекте кешке болған. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған.

Бейнежазбалардан милицияның бірнеше қызметкері ақ автокөлікті тоқтатуға әрекеттенгенін, бірақ көлік жүргізушісі талаптарды орындамай, алдындағы көлікті соғып кете берген.

Оқиға орнында болған милиция қызметкерінің бірінің айтуынша, бір күн бұрын ұрланған автокөліктегі адам құқыққорғау қызметкерлерінен қашып кетуге тырысқан.

"Күні бұрын автокөлік ұрланғаны туралы хабар түсті. Біз оны тоқтатпақ болдық, бірақ ол қашып кеткісі келді. Сол себепті біз оқ ашуға мәжбүр болдық. Кейін белгілі болғандай, ол "Спарк" көлігін зират маңына тастап, өзі тығылып қалған. Қазір оны іздестіріп жатырмыз", - деді милиция қызметкері.

XS
SM
MD
LG