Ссылки доступа

Эмомали Рахмон Мьянмадағы исламофобияның күшеюін сынады (видео)


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон түрік әріптесі Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Мьянмадағы мұсылман қауымы тап болған жағдайға қатты алаңдайтынын айтты. Мемлекет басшылары 7 қыркүйекте сөйлескен. Олар Түркия президентінің Тәжікстанға ресми сапарының уақытын нақтылаған.

Рахмон мен Ердоған Мьянмадағы исламофобияның өршуін, Ракхайн штатына қарулы экстремистік ұйым содырларының шабуылын сынады. Бұл туралы Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәжікстан және Түркия президенттері этникалық және діни жанжалдарды бейбіт диалог арқылы шешу керектігін айтып, әлемдік қауымдастықты мұндай келеңсіздіктерді болдырмау үшін шара қолдануға шақырды.

Мьянма билігі (бұрынғы Бирма), әлем елдерінің сынына қарамастан, елдегі мұсылмандарды қудалауын тоқтатар емес. Мьянмадан Бангладешке қашқан мұсылман рохинджалар саны соңғы екі аптада 150 мыңға жетті.

XS
SM
MD
LG