Ссылки доступа

Ресей: "Ислам мемлекеті" әскери министрі Халимовтың Сирияда көзі жойылды


"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымынң әскери министрі, Тәжікстан ІІМ арнайы жасағының бұрынғы қолбасшысы Гүлмұрод Халимов Сирияның Дейр-әз-Зор елді-мекеніндегі содырларды Ресейдің әуе күштері атқылау кезінде өлтірілді. Бұл туралы ресейлік басылымдар елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Хабарларға қарағанда, Халимов пен тағы үш ықпалды дала командиріне терроршылардың командалық бекетінде ақылдасып жатқан уақытта әуеден соққы жасалған. Олардың арасында Дейр-әз-Зор әмірі Әбу Мұхаммад Аш-Шимали де бар. Ол ИМ ұйымын қаржыландыру және жаңа адамдар тартуға жауап береді.

РФ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бірқатар еуропалық елдердің арнайы қызметтері Аш-Шамалиді 2015 жылы Парижде жасалған терактіні ұйымдастырған деп есептейді.

Еске салайық, британдық "Таймс" журналы биыл 15 сәуірде Халимов Мосулда өлтірілді деп хабарлаған еді.

Бірақ тәжік "жихадшылары" Парвиз Саидрахмонов (Әбу Довуд) пен Тоджиддин Назаров (Әбу Усама Нораки) жақында бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Полковник Гүлмұрод Халимов 2015 жылы сәуірде жоғалып кетті. Бір айдан соң ол Сирияда "Ислам мемлекеті" ұйымына қосылғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG