Ссылки доступа

Қырғыз үкіметіне "Центерра" компаниясымен соттасуға кеңес берді


Қырғызстандағы "Республика - Ата Жұрт" парламенттік фракциясы америкалық Thompson Creek Metals Inc. кен орнын Centerra Gold компаниясының сатып алуына қарсы шықты. Мұндай шешімді фракция мүшелерінің барлығы қолдаған.

Фракция үкіметке Centerra Gold компаниясымен соттасуға кеңес береді. Фракция жетекшісі Өмірбек Бабанов мұндай келісімге қол қойғандарды сатқын деп атады.

"Компанияны сатып алуға 1 млрд доллар жұмсалған. Бұл қаражатты Центерра Қырғызстанға инвестициялағаны жақсы еді. Олар Жеруй, Талды-Бұлақ және басқа да жобаларды сатып ала алар еді. Қырғызстанда тапқан ақша басқа елдерге кетіп жатыр. Бұл қылмыс емес пе?" - деді ол.

Кезінде вице-премьер-министр Дуйшенбек Зилалиев Centerra Gold компаниясындағы қырғыз үлесінің азаюына бұрынғы билік қабылдаған шешімдер себеп болғанын мәлімдеген.

"Сіздер неге бұлай болды деп отырсыздар. Бәрі 2009 жылғы келісімге тіреледі. Ол мақұлданған құжат. Біздің азаматтар Thompson Creek Metals Inc. компаниясын сатып алуға қарсы шықты", - деді Зилалиев.

Centerra Gold Inc. компаниясы Thompson Creek Metals Inc. кен орнын сатып алған соң, ондағы "Қырғызалтын" үлесі 32,1 пайыздан 26,6 пайызға дейін кеміді. Centerra Gold Inc. құрамында Қырғызстанның үш компаниясы бар.

XS
SM
MD
LG