Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев 9 қыркүйекте Қазақстанға келеді


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 9 қыркүйекте екі күндік сапарен Қазақстанға келеді. Өзбек басшысын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам елдерінің ғылым және технология бойынша әріптестігі ұйымының алғашқы саммитіне қатысуға шақырған.

Саммит "Ислам әлеміндегі ғылым, технология, инновация және модернизация" ұранымен өтеді. Бұл шара халықаралық EXPO-2017 көрмесінің жабылуына орай ұйымдастырылған.

Ресми хабарларға қарағанда, Мирзияев EXPO-2017 көрмесінің жабылу салтанатына қатысып, шетел делегацияларының бірқатар басшыларымен кездеседі.

Еске салайық, Өзбекстан президенті алғаш рет мемлекеттік сапармен Қазақстанға биыл наурызда келген еді. Сол кезде Астанада екі мемлекеттің қарым-қатынасын дамытуға арналған құжаттар, коммерцялық келісім-шарттар қабылданды.

Ал 29 сәуірде Мирзияев Оңтүстік Қазақстан облысына сапарлап келіп, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

XS
SM
MD
LG