Ссылки доступа

Қырғызстанда президентікке үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды


Қырғызстанда 10 қыркүйектен бастап президентікке үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды. Науқан 14 қазанға дейін созылады.

"Президенттік сайлау қарсаңындағы ең маңызды, жауапкершілігі жоғары үгіт-насихат науқаны басталды. Үгіт жұмыстары 10 қыркүйек таңғы сағат 8:00-де басталып, 14 қазанға дейін жалғасады. Сайлауға дейін 25 күн ішінде сайлау бюллетенінің мәтіні мен формасы дайын болып, бекітіледі. Сол кезде қанша адамның енгізілетіні белгілі болады. Оған дейін сот органдары ОСК-ның шешімдерін кері қайтаруы мүмкін, не болмаса кейбір кандидаттар сайлауға қатысудан бас тартуы мүмкін", - деп хабарлады Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Әбдіжапар Бекматов.

ОСК мәліметі бойынша 10 қыркүйекке дейін 13 кандидат тіркелген.

ОСК-ге жалпы президент болуға 59 адам өтініш берген. Кейбір азаматтар құжаттарын өздері кері қайтарып алса, кейбірін әртүрлі себептермен тіркеуден бас тартты.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG