Ссылки доступа

Ресейде сайлауға дауыс берушілер саны өте аз болған (видео)


Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы 10 қыркүйекте өткен 82 аймақтың жергілікті орган мүшелерін сайлауға қатысушылардың өте аз болғанын мәлімдеді. Дауыс берушілердің тек 29 пайызы қатысқан.

Ресейдің ішкі істер министрлігі болса, сайлау тыныш өтті деп мәлімдеді. Бақылаушылар сайлау учаскелерінде бюллетендерді уыстап жәшікке салған, сайлаушыларды ақшамен және ішімдікпен сатып алған жағдайлардың кездескенін хабарлады.

ОСК болса, сайлау қорытындысына әсер ететіндей заң бұзушылықтар орын алған жоқ деді.

Әдеттегідей сайлауға қатысушылардың жоғарғы көрсеткіші абақтылар мен психиатриалық ауруханаларда тіркелген. Бұл жөнінде "Открытая Россия" хабарлайды.

Премьер-министр Дмитрий Медведев сайлау "жоғарғы деңгейде" өтті, барлық аймақтарда сайлаушылар белсенділік танытты деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG