Ссылки доступа

Мирзияев ислам өркениетін дамытуға арналған сыйлық тағайындауды ұсынды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ислам өркениетін, оның ғылымы мен технологиясын дамытуға үлес қосқандарға Ислам ынтымақтастығы ұйымының арнайы сыйлығын тағайындауды ұсынды. Өзбекстан басшысы бұл ұсынысын ИЫҰ Астана саммитінде айтты.

"Мысалы, әлемнің үздік 500 университетінің тізімінде біздің ұйымға мүше елдердің 11 жоғарғы оқу орны ғана кіреді. 2015 жылы әлемде патент алуға өтініштердің бар болғаны 1,9 пайызы ғана ИЫҰ елдеріне тиесілі болған", – деп мәлімдеді президент Шавкат Мирзияев.

Оның айтуынша, Өзбекстан үкіметі Самарғанда қазіргі заманғы телескоп орнату туралы ұйым ұсынысын қуана қабылдады.

Бұған қоса, Мирзияев ИЫҰ ғылым және технологиялар жөніндегі саммитін үш жылда бір өткізуді, келесі саммитті 2020 жылы Өзбекстанда ұйымдастыруды ұсынды.

XS
SM
MD
LG