Ссылки доступа

Қырғыздың Жоғарғы сотына кіруге талпынған әйел Донбаста болғанын айтты


Бішкекте Қырғызстанның Жоғарғы сотының ғимаратына кіруге талпынға әйелді ұстады. Первомай аудандық соты бүгін, 11 қыркүйекте оны уақытша қамауда ұстау-ұстамау мәселесін қарайды. Бұл туралы Бішкек ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Адыл Оморов хабарлады.

Оның айтуынша, қамауға алынған әйел Украинаның әскери қақтысы ошағы - Донбаста болғанын мәлімдеген. Тергеу бұл ақпаратты тексеріп жатыр.

"8 қыркүйекте Жоғарғы сот ғимаратына кіруге талпынған әйелдің қалтасынан бір оқ табылған. Ол оқты тирден алғанын айтты. Тергеу кезінде ол Донбаста болғанын мәлімдеді. Бірақ бұл ақпаратты растайтын құжаты болмады. Қазір бұл мәліметті тексеріп жатырмыз".

"Қаруды заңсыз алып жүру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда Бішкектің Первомай аудандық соты оны тергеу кезінде қамауда ұстау-ұстамау мәселесін қарап жатыр.

XS
SM
MD
LG