Ссылки доступа

Фэллон: Ресейдің әскери оқулары Батыстың "қытығына тию" үшін жасалған


Ұлыбритания қорғаныс министрі Майкл Фэллонның мәлімдеуінше, Ресей-Беларусь бірлескен әскери оқулары Батыстың "қытығына тию" үшін жасалған. "Ресей бізді тексеріп әдейі тексеріп отыр", - деді министр. Бұл мәлімдемесін ол 10 қыркүйекте BBC жүргізушісі Эндрю Маррмен сұхбатта айтты.

"Ресейдің Ресейдің агрессиясысы артқанын байқаймыз. Сонымен жұмыс істеуге тура келеді", - деді Фэллон. Оның пікірінше, бірлескен әскери оқулар Батыстың қорғанысты тексеру, "қытығына тию" үшін өткізіліп отыр.

ЕҚЫҰ мүшелері қабылдаған Вена құжаты бойынша, 13 мың жауынгер қатысатын оқу-жаттығу өткізуді көздеген мемлекет бұл туралы басқа елдерді алдын ала хабардар етуі тиіс. Ресей мен Беларусь биліктерінің мәлімдеуінше, "Запад-2017" әскери оқулары Беларусь және Ресейдің батыс өкірлерінде 14-20 қыркүйек аралығында өтеді, оған 12 700 жауынгер қатысады.

Дегенмен Батыс елдерінің әскери шенеуніктер мен сарапшылары бұл оқуларға қатысатын жауынгерлер саны одан да көп болуы мүмкін деп болжап отыр. Ресей болса Батыс елдерінің алаңдауына негіз жоқ деп отыр.

XS
SM
MD
LG