Ссылки доступа

БҰҰ: рохинджаға қарсы операция - этникалық тазалаудың көрсеткіші


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі өкілі Зейд Раад әл-Хусейн Мьянманың Ракхайн штатындағы мұсылман-рохинджаларға қарсы азаптау операциясын айыптады.

Оның сөздерінше, жағдай этникалық тазалаудың хрестоматиялық үлгісі іспетті көрінеді.

Женевада Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі кеңесінде сөз сөйлеген Зейд Раад әл-Хусейн зорлық-зомбылық, азаптау оқиғасы орын алғаннан кейін, 270 мыңнан астам мұсылман-рохинджаның Бангладешке қашқанын еске салды.

Зейд Мьянма үкіметін әскери операцияны тоқтатып, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды.

XS
SM
MD
LG