Ссылки доступа

Душанбенің ресми өкілдері ЕҚЫҰ-ның адам құқықтарын талқылау жиынына тағы бармады


Тәжік оппозициясы

Душанбенің ресми делегациясы Варшавада өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы конференциясына барудан тағы да бас тартты.

11 қыркүйекте Варшавадағы ЕҚЫҰ ғимараты алдында тәжік оппозициясының 20 шақты өкілі наразылық акциясын ұйымдастырды. Тәжікстандағы адам құқықтарын талқылау ресми Душанбе өкілдерінің қатысуынсыз өткен. Белгілі болғандай, Тәжікстан үкіметінің деленациясын балалар омбудсмені Раджабмо Хабибуллозода бастап баруға тиіс болған.

Варшаваға ислам партиясының өкілдері де келген. Конференцияда партия лидері Мухиддин Кабири баяндама жасамақ.

Тәжікстан билігі осыған дейін егер конференцияға елінде тыйым салынған Исламның қайта жаңғыруы партиясы мен «Группа 24» ұйымы шақырылатын болса, Душанбедегі ЕҚЫҰ миссиясы жабылады деп ескерткен.

Душанбе мен ЕҚЫҰ арасында салқындық былтыр қыркүйек айында басталды. Конференцияға әдеттегідей Тәжікстанда тыйым салынған Исламның қайта жаңғыруы партиясы мен "Группа 24" тобы шақырылған. Сонда оппозиция өкілдері жүйеге қарсылық ретінде саяси тұтқындардың портреті бар жейде киіп, үнсіздік жариялаған. Тәжікстанның ресми делегациясы болса, залды тастап шығып кеткен.

XS
SM
MD
LG