Ссылки доступа

Қазақстан президенті ЭКСПО-2017 көрмесін жоғары бағалады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылуында көрмені өткізу экономикалық, саяси және ғылыми-техникалық жағынан елге оң әсер етті деп мәлімдеді.

"ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік берді. Мұнда жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды", – деп атап өтті ел президенті.

Мемлекет басшысы «Нұр Әлем» және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретінде сақталатынын айтты. Мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасады, ол қаржы хабына, инвестиция тартатын орталыққа айналады деді.

ЭКСПО жөнінде сауалнама Азаттықта:

ЭКСПО-2017 көрмесі салтанатты түрде 10 маусымда ашылған. Үш айдан кейін салтанатты түрде жабылды.

Астанада ЭКСПО қалай басталған еді.

XS
SM
MD
LG