Ссылки доступа

Путин Меркельмен сөйлескенде БҰҰ-ның бітімгерлік ұстанымын нақтылады


Ресей президенті Владимир Путин БҰҰ-ның Донбастағы бітімгерлік жөніндегі бастамасымен санасады. Бұл жөнінде Путин Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесуінде айтты деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

БҰҰ қызметкерлері тарапынан ЕҚЫҰ бақылаушыларын қорғауды қамтамасыз ету екі тараптың әскерлерінің түйісу жерінде ғана емес, басқа да орындарда жүзеге асады.

Осыған дейін Кремль бітімгерлер тек ғана Донбастың түйісу жерінде болуы тиіс деген ұстанымда болған.

Путин мен Меркель сонымен бірге Солтүстік Кореяның соңғы арандату әрекетінен кейінгі Корей түбегіндегі жағдайды талқылған.

XS
SM
MD
LG