Ссылки доступа

Ташкентте 7,5 тонна той палауы пісірілді, бірақ тұрғындар дәм тата алмаған (видео)


Плов вприглядку: в Ташкенте приготовили огромное блюдо, но жителей к празднику не допустили
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:16 0:00

Ташкент орталығында өткен жексенбіде жеті жарым тонна той палауы пісірілді. Бұл көрсеткіш Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Палаудың дәмін татуға жан-жақтан тұрғындар келген.

Бірақ олардың көбі дәм тата алмады. Алып қазан орнатылған алаңға тек ғана шақыру билетімен жіберілген. Қонақтар арасында тең ғана дипломаттар, жергілікті шенеуніктер мен мемлекеттік телеарна өкілдері болған. Ал қалғандарын палау пісірген алаңға жібермеген.

Палауды әзірлеуге 50 аспаз қатысқан. Асты дайындауға бір жарым тонна сиыр еті, бір тонна қой еті, екі тонна күріш, 2700 келі сәбіз, 220 келі пияз, 440 литр өсімдік майы мен 57 келі тұз жұмсалған. Дәмдеуіштердің өзі 300 келі болған.

Палау - Шығыста кең таралған ас. Онсыз үйлену тойы, еске алу, баланың дүниеге келуін атап өту секілді маңызды шаралар өтпейді.

XS
SM
MD
LG