Ссылки доступа

Атамбаев Сочиде Путинмен кездеседі


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 14 қыркүйекте Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Қырғыз президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, кездесу Ресейдің Сочи қаласында өтеді. Екі ел басшысы 14 тамызда телефон арқылы сөйлескеннен кейін кездесу жөнінде келіскен.

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері мен ЕАЭО аясындағы өзара қарым-қатынастар талқыланады делінген.

Айта кету керек Алмазбек Атамбаев пен Владимир Путиннің келесі кездесулері биыл қазан және қараша айларында ЕАЭО және ҰҚШҰ аясында өтеді.

Алмазбек Атамбаевтың Қырғызстан президенті ретіндегі мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады.

Қырғызстанда жаңа президентті сайлау 15 қазанда белгіленген.

XS
SM
MD
LG