Агенттік ақпаратына қарағанда, оппозиция өкілдерінің негізінен Сирияда төртінші деэскалация аймағын құру жайы талқыланатын келіссөзге қатысатынын оппозиция делегациясының ресми өкілі Яхья әл-Ариди растаған.
Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сирия қақтығысын реттеу жөніндегі бейбіт келіссөздің алтыншы кезеңі Астанада 14-15 қыркүйекте өтетінін хабарлаған болатын. Келіссөзден бір күн бұрын гарант елдер - Ресей, Түркия мен Иранның бірлескен жұмысшы тобының отырысы өтпек.
Ресей, Түркия мен Иранның бұған дейін Астанадағы келіссөзде дайындаған жоспары бойынша, төртінші қауіпсіздік аймағы Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында құрылмақ.