Ссылки доступа

БАҚ: Путин президенттік сайлауға қатысатынын қарашада жариялайды


Владимир Путиннің президенттік кампания стратегиясы жоспарланып қойды. Ол екі кезеңнен тұрады. Осылай деп "Коммерсантъ" басылымына Кремль дереккөзі хабарлаған.

Бірінші кезеңі биылғы жылдың қараша айында жоспарланған. Онда Владимир Путин ресми түрде сайлауға қайта түсетінін ресми жариялайды. Дереккөздің атап өткеніндей, бұл "азаматтық қоғаммен кездесу барысында, халық одан сайлауға қайта түсуін сұрайды. Күзде белгіленгендей, Ресей президенті бірнеше халықтық шараларға қатысады. Кремль 30 қазанда саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне орай ескерткіш ашуға дайындалып жатыр. Мұнан бөлек Ресей 4 қарашада Халық бірлігі күнін және 7 қарашада революцияның 100 жылдығын атап өтеді.

Екінші кезең өте қысқа мерзім ішінде заңды түрде Путин сайлауға өзін ұсыну үшін сайлаушылар қолын жинайды. Кремль аймақтық билікке 2018 жылы президент сайлауында Путиннің сенімді өкілдері болатын адамдардың тізімін жинауды тапсырып қойған. Тізімге жаңа есімдер мен жастар енгізіледі дейді дереккөз.

Ресейде президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызында өтеді. Владимир Путин әзірге ресми түрде сайлауға түсетін не түспейтінін жариялаған жоқ.

XS
SM
MD
LG