Ссылки доступа

Самарқанның көптеген түнгі клубтары жезөкшелер үйіне айналып кеткен


«Өзбекстанның жастар одағы» құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, Самарқанның түнгі клубтарына түнгі рейд жүргізді. Мекеме иелеріне арнайы шара қолданған, ал ұсталған қыздардың әрі қарайғы тағдырлары белгісіз.

BBC-дің өзбек қызметінің хабарлауынша, Самарқанның жеті түнгі клубынан әртүрлі заң бұзушылық анықтаған.

«Мәселен, «Jeyran» түнгі клубында жеңіл жүрісті жеткіншек қыздарды ұстаған. Келушілерге қыздар жалаңаш билеген», – деп жазады БАҚ.

Ұсталғандардың ішінде 20 жастағы бойжеткен отбасындағы қаржылық жағдайдың ауырлығынан түнгі клубта жалаңаш билеп ақша табауға мәжбүрмін деген.

«Мен бұл іспен бір жылдан бері айналысамын. Менің балам бар. Анам ауру, әкем жұмыс істемейді. Стриптиз билеп, бір түнде 40-50 мың сум (5 АҚШ доллар шамасында) табамын. Басқа іспен айналыса алмаймын. Өйткені білімім жоқ», – дейді 20 жастағы бойжеткен.

Самарқанның түнгі клубтарынан он бір қызды ұстаған. Оларды милиция бөлімшелеріне жеткізген.

XS
SM
MD
LG