Ссылки доступа

Өзбекстанда діни себеппен сотталғандар бостандыққа шығуы мүмкін


Өзбекстанда діни себеппен сотталған адамдардың туыстары түрмеден хат-хабар ала бастаған. Онда жазаны орындау мекемесінің әкімшілігі сотталушылардың жаза мерзімінің аяқталатыны жөнінде хабарлап, туыстарын түрмеден алып кетулерін сұраған.

Бұл жөнінде әндіжандық құқық қорғаушы Саиджахон Зайнобиддинов хабарлады. Оның сөздерінше, Өзбекстанда мұндай тәжірибе бірінші рет жүзеге асып отыр.

"Абақтыда туыстары отырған адамдармен тікелей сөйлестім. Олар жазаны орындау мекемесі әкімшілігінен хат алған. Онда діни себеппен 2000 жылдан бері түрмеде отырған азаматтардың бостандыққа шығатыны хабарланған. Бұл хатта сотталушылардың туыстарына өздері келіп, абақтыдағы ұлдарын алып кетуді сұраған", – дейді әндіжандық құқық қорғаушы.

Осыған дейін өзбек билігі "қара тізімдегі" азаматтардың ісін қайта қарап жатқаны жөнінде хабарланған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Өзбекстанда 17 мың "қара тізімдегі" адамдардың 16 мыңы қауіптілер қатарынан алынып тасталған.

XS
SM
MD
LG