Ссылки доступа

Ресейде белгісіз қоңыраудан мектеп, вокзал, сауда орталықтарынан адамдарды жаппай сыртқа шығарып жатыр (видео)


По России прокатилась волна ложных сообщений о заложенных бомбах. Кто за ней стоит?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

Ресейдің ірі қалаларында 10 қыркүйектен бастап сауда орындары, мектеп, ЖОО, әкімшілік ғимараттары, кинотеатр және ойын-сауық орталықтарынан адамдарды жаппай қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірқатар аймақтарда оқу-жаттығу жүріп жатыр деп хабарлады. Ал жергілікті билік болса, ешқандай дайындық жүріп жатқан жоқ дейді. Барлық жағдайда ғимаратқа бомба қойылды деген анонимді қоңыраудан кейін, адамдарды сыртқа шығара бастаған.

В городах России из-за звонков о заложенных бомбах эвакуируют школы, вокзалы и торговые центры
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:52 0:00

Новый Уренгой: бомба қойылды деген қоңыраудан кейін, вокзал, іскер орталығы, мәдениет сарайлары мен сауда үйлерінен адамдарды сыртқы шығарды.

  • Пермь: 5700 адамды мектептер мен сауда үйлерінен эвакуациялады. Әлдекім полицияға жарылғыш зат қойылды деген қоңырау шалған.
  • Красноярск: бірнеше сауда үйінде адамдар эвакуацияланды. "Күдікті зат" туралы хабар түскен.
  • Магадан: екі кинотеатр, базар, төрт мектеп пен екі ЖОО-дан жаппай адамдар шығарылды.
  • Южно-Сахалинск: сауда орталықтары мен әкімшілікке жарылғыш зат қойылды деген қоңырау түскен.
  • Владивосток: бес сауда орталықтары, автовокзал мен жатақханадан адамдар шығарылды.
  • Екатеринбург: автовокзал, іскер және сауда орталықтары эвакуацияланды. Біреулер кезекші полицияға мина қойылған деп қоңырау шалған.
  • Новосибирск: автовокзал, қонақ үй және клубтар. Бомба қойылды деген ақпарат түскен.
  • Ставрополь, ​Уфа, ​Омск, Брянск және ​Рязань қалаларында да жоғарыдағы жағдайлар қайталанған.

XS
SM
MD
LG