Ссылки доступа

Ресей мен АҚШ ядролық қаруды азайту келісімін талқылайды


АҚШ пен Ресей таяуда 2010 жылы қол қойылған ядролық қаруды азайту келісімін орындау мәселесін сарапшылар деңгейінде талқылауды жоспарлап отыр деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.

Хельсинкиде АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннонмен кездескен Рябков ресейлік агенттіктерге америкалық әріптесімен келісім шартсыз іске асырылуы тиіс деген мәмілеге келгенін айтты.

Жаңа Стратегиялық қару-жарақтарды азайту келісімі бойынша, екі елден де 1550 ядролық оқтұмсық пен 800 ұшыру жүйесі азайтылуы тиіс.

Стратегиялық қару-жарақтарды қысқарту келісімі - Вашингтон мен Мәскеудің қарым-қатынасы нашарлаған тұста сақталып тұрған ядролық қаруға қатысты санаулы келісімдердің бірі.

АҚШ пен Ресейді Орта және алыс қашықтыққа арналған зымыранға тыйым салатын келісімді бұзып отыр деп айыптайды. Ал Мәскеу болса Вашингтон плутоний қаруын утилизациялау туралы келісімді орындамай отыр деп айыптап, келісімнен шығатынын мәлімдеген.

Рябков Шэннонмен кездескен соң сонымен қатар Ресей Сан-Францискода жабылған бас консулдығы мен АҚШ-тың екі қаласындағы сауда миссиясын қалпына келтіруге мүмкіндік бар деп ойламайтыны айтты.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Нойерт Шэннон мен Рябковтің кездесуіне байланысты ешқандай түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG