Ссылки доступа

Ресей Түркияға С-400 зенит кешенін жеткізетінін растады


Түркия мен Ресей Анкараға зымыранға қарсы ресейлік С-400 зенит кешенін жеткізу жөнінде келісімге қол қойды. Бұл жөнінде Кремль хабарлады.

Ресей президентінің әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі көмекшісі Владимир Кожин ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында "барлық қабылданған шешімдер келісім-шартта дәл көрсетілген" деп мәлімдеді.

Кейбір БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, келісім құны екі жарым миллиард долларды құрайды.

Вашингтон болса С-400 зенит кешені НАТО-ның әскери-техникалық талаптарына сәйкес келмейді деп алаңдайды.

Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоган егемен елді қорғау үшін қару-жарақ және техника сатып алуға толық құқығымыз бар деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG