Ссылки доступа

Тәжіктің Қорған-Төбедегі әуежайы ресейлік ұшақтардың тоқтатылуынан жабылды


Қорған-Төбенің әуе айлағы ғимаратында "Әуежай жабық" деген тақтайша ілініп тұр. 120-дан астам қызметкерлер мерзімсіз еңбекақысыз демалысқа жіберілген.

Қорған-Төбе халықаралық әуежайдың инженері Шамса Исоева ВИМ Авиа ресейлік әуе компаниясы Мәскеу - Қорған-төбе – Мәскеу рейсін тоқтатқанын хабарлады. ВИМ Авиа 2014 жылдан бері аптасына бес рет Ресей астанасынан Қорған-Төбеге қатынайтын. Бірақ соңғы айлары ұшақ тек аптасына екі рет ұшатын болды. Енді қыркүйек айының басынан бастап мүлдем тоқтатылған.

ВИМ Авиа компаниясының баспасөз хатшысы Елена Федорова Қорған-Төбеге рейстердің тоқтатылуы жолаушылардың аздығынан деп түсіндірді. Оның сөздерінше, бұл компанияға пайда емес, керісінше шығын әкелген.

Қорған-Төбе халықаралық әуежайының жеке ұшақтары жоқ. Олар өзге әуе компаниялардың ұшақтарын қабылдау арқылы пайда тауып келген.

XS
SM
MD
LG